Solva Қостанай облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен клиенттеріне көмек көрсетеді

05.09.2022
Источник: Banker.kz
Solva компаниясы өрт салдарынан қиын жағдайда қалған Қостанай облысының азаматтары мен бизнесмендеріне көмек көрсетуге дайын. Solva өзінің зардап шеккен клиенттеріне микрокредиттер бойынша төлемнің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады.

«Solva компаниясының атынан Қостанай облысындағы орман өрті нәтижесінде зардап шеккен барлық азаматтарға ниет білдіре отырып, сіз және сіздің отбасыңыз қауіпсіздікте және жақын арада барлық қажетті көмекті алады деген сенім білдіреміз. Solva өз тарапынан Қостанай қ. және Қостанай облысындағы клиенттеріне жан жақты көмек көрсетуге, оның ішінде ағымдағы кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру және қарыздарды қайта қаржыландыруды ұсынуға дайын» - делінге компания хабарламасында.

Solva компаниясы ТЖ кезінде Қостанай облысындағы клиенттердің қарыздарына өсімпұлдар мен айыппұлдар есептелінбейтіндігі туралы қосымша хабарлады. Сонымен бірге мерзімі өткен берешек туралы ақпарат кредиттік тарихта көрсетілмеуін қамтамасыз ету үшін кредиттік бюролармен жұмыс жүргізілетін болады.

Барлық сұрақтар бойынша компанияның қолдау көрсету қызметіне + 7 701 006 35 35 нөмірі және support@solva.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
  • CNY 67.12 -0.08%
  • EUR 502.32 -1.51%
  • RUB 5.52 +0.04%
  • USD 447.94 -0.67%
  • ADA 98.19 +0.03%
  • BNB 338876.72 +1.88%
  • BTC 37081608.06 -0.14%
  • DOGE 36.35 +1.02%
  • DOT 516.11 +1.03%
  • ETH 1090014.61 -0.09%
  • SOL 47412.5 +0.06%
  • TRX 149.9 -0.1%
  • USDT 453.52 -0.03%
  • XRP 597.83 -0.48%