Қаржы мониторингі шараларын күшейту туралы

10.01.2022
Источник: Banker.kz
Қазақстан 2022 жылы қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттарына ел заңнамасының техникалық сәйкестігін, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) шеңберінде КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесінің тиімділігін өзара бағалауға дайындық бойынша алға қойған жұмыстарды белсенді жүргізуде.

Жүргізілетін жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ FATF халықаралық стандарттарына сәйкес келу мақсатында ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз трансшекаралық қаржы операцияларын болдырмау және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл мақсатында қаржы мониторингі шараларын күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдады.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландырудың типологиялары, схемалары мен тәсілдері және қаржы ұйымдарының қаржы мониторингін жүргізу шеңберінде күшейтілген бақылау ретінде қаралуы тиіс операциялардың тізбесі және оларды жүргізу кезінде екінші деңгейдегі банктерге арналған іс-қимыл тәртібі әзірленді.

Әлемдік озық тәжірибеге сәйкес, банктер қаржы мониторингі субъектілері ретінде KYC (өз клиентіңді біл) қағидаттары шеңберінде тәуекелі жоғары операцияларды егжей-тегжейлі зерделеу бойынша өз жұмысын күшейтеді.

Бұл шаралар капиталдың заңсыз ағындарына қарсы әрекет етуге бағытталған және трансшекаралық операциялардың айқындылығын арттырады.
  • CNY 65.83
  • EUR 502.38 -1.23%
  • RUB 5.23 -0.01%
  • USD 441.77 -0.11%
  • ADA 109.32 -2.94%
  • BNB 338071.44 -1.28%
  • BTC 36858277.89 -1.11%
  • DOGE 41.7 -2.77%
  • DOT 522.36 -5.56%
  • ETH 1182155.56 -0.31%
  • SOL 52558.3 -2.73%
  • TRX 147.73 +0.49%
  • USDT 439.61 -0.01%
  • XRP 662.97 -1.84%