Solva МҚҰ еліміздің үздік кәсіпорындары рейтингіне кірді

18.05.2021
Solva МҚҰ еліміздің үздік кәсіпорындары рейтингіне кірді
Источник: Banker.kz
«ОнлайнКазФинанс» микроқаржылық ұйым» ЖШС (Solva бренді) «Сапа жұлдызы» тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингінде «Еліміздің үздік кәсіпорны» атағына ие болды.

«Сапа жұлдызы» тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингі тәуелсіз бағалау кезінде Қазақстандағы тауар өндірушілері мен қызмет көрсететін ұйымдардың арасынан аса сенімді және адал компанияларды және сала көшбасшыларын анықтауға көмектеседі.

«Еліміздің үздік кәсіпорны» атағы тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасын растаған, сонымен бірге жоғары бизнес-көрсеткіштерге қол жеткізген компанияларға беріледі.

Статус бір жыл ішіндегі кәсіпорынның қызмет көрсеткіштерін ашық, кешенді бағалаудың негізінде сап түзеу қағидаты бойынша беріледі.

Рейтингтің негізі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми статистикалық деректері, соның нәтижесінде қорытынды нәтижені алған кезде қандай да бір адами факторлар болмайтындығы анық.

Рейтингің тұрақты қосымша ұйымдастырушылары – терең талдау мен өзекті сұрақтарды шешуді негізгі міндеті деп қарастыратын тәуелсіз бизнес-бірлестіктер мен зерттеу мекемелеріне жататын Экономикалық даму комитеті және Құрылтай коллегиясы.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес «ОнлайнКазФинанс» микроқаржылық ұйым» ЖШС 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтерінің мөлшері бойынша саланың 227 компанияларының ішінде 4 орынға ие.
  • CNY 65.83
  • EUR 502.38 -1.23%
  • RUB 5.23 -0.01%
  • USD 441.77 -0.11%
  • ADA 111.17 +1.47%
  • BNB 336290.76 -0.2%
  • BTC 37033366.51 +1.27%
  • DOGE 42.01 +1.78%
  • DOT 534.27 +0.89%
  • ETH 1198250.23 +1.67%
  • SOL 52715.03 +0.37%
  • TRX 147.34 +0.37%
  • USDT 438.94
  • XRP 666.06 +0.61%