Ұлттық банк қай кезде теңге бағамын реттейді?

24.10.2019
Источник: Курсив
Олег Смоляков Ұлттық банк интервенция жүргізуге дайын деп мәлімдеді

Жыл басынан бері ұлттық валюта 1,4 пайызға арзандаған. Мәжілісте өткен жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков 21-қазандағы жағдай бойынша, 1 баррель мұнай 59,2 долларға сатылып, АҚШ валютасының бағамы 389,77 теңгені құрағанын хабарлады.

ҰБ өкілінің айтуынша, инфляциялық таргеттеу режимінде Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамына еш шектеу қоймайды. Валюта бағамы сыртқы және ішкі факторлар, яғни, елге шетелдік валютаның келуін, ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысты, сондай-ақ мұнай нарығындағы баға динамикасын ескере отырып қалыптасады.

«Валюта нарығында теңсіздік туғызуы мүмкін жекелеген тербеліс кезінде міндетті түрде интервенция жасалады. Жүргізілген операциялар туралы Ұлттық банк хабарлап отырады»,– деді О.Смоляков.

Жалпы, Ұлттық банктің болжамы бойынша, биыл инфляция деңгейі 5,7-5,8 пайыз аралығында қалыптаспақ. Ал 2020 жылға қарай, біршама төмендеп, 4-6 пайыз аралығындағы дәліз сақталады.
  • CNY 65.91 +0.15%
  • EUR 499.05 -1.72%
  • RUB 5.3 +0.03%
  • USD 441.91 +1.05%
  • ADA 114.54 +3.93%
  • BNB 347605.93 +1.58%
  • BTC 38674832.54 +3.73%
  • DOGE 43.3 +2.94%
  • DOT 545.12 +2.56%
  • ETH 1226743.78 +2.31%
  • SOL 54575.67 +4.45%
  • TRX 149.14 +0.61%
  • USDT 445.33 +0.01%
  • XRP 688.1 +3.93%