"Астана" Халықаралық Қаржы Орталығы және Сбербанктің BI.ZONE еншілес компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

24.06.2019
Источник: Banker.kz
"Астана" Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) және Сбербанктің BI.ZONE еншілес компаниясы киберқауіпсіздік бойынша екінші Халықаралық конгресс аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум шарттары BI.ZONE компаниясы мен АХҚО арасындағы киберқауіпсіздік саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көрсетеді.

"АХҚО үздік тәжірибе мен Нью-Йорк пен Лондоннан Дубай, Гонконг пен Сингапур қалаларына дейінгі алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының заманауи мүмкіндіктерін біріктіреді. Біз бұл кибершабуылдардың өсіп келе жатқан қиындықтары мен қауіп - қатері жағдайында бизнестің тұрақты дамуы үшін маңызды қадам екеніне сенімдіміз және бізге корсетілген сенім үшін ризамыз ", - деп BI. ZONE директоры Дмитрий Самарцев атап өтті.

АХҚО Басқарушысы айтуынша, қаржылық жүйелердің қорғалуы және клиенттік деректердің құпиялылығы мәселесі қаржы секторындағы ұйымдарды дамытудың басты басымдықтарының бірі болып табылады. "Сондықтан біз киберқауіпсіздік саласын дамытуға ерекше көңіл бөлеміз", - деп Қайрат Келімбетов атап өтті.

Қол қойылған меморандум тараптар өкілдеріне ақпарат алмасу және киберқауіпсіздік саласындағы сараптама деңгейін арттыру бойынша ынтымақтастықты жергілікті деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
  • CNY 65.91 +0.15%
  • EUR 499.05 -1.72%
  • RUB 5.3 +0.03%
  • USD 441.91 +1.05%
  • ADA 113.76 +4.75%
  • BNB 344224.73 +1.15%
  • BTC 38282505.23 +3.21%
  • DOGE 42.92 +3.06%
  • DOT 539.56 +0.96%
  • ETH 1217658.64 +2.26%
  • SOL 53995.38 +3.71%
  • TRX 148.3 -0.45%
  • USDT 443.33 +0.02%
  • XRP 682.87 +3.89%