2019 жылғы қазанның қорытындысы бойынша банк секторы

27.11.2019
Источник: Banker.kz
2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 27 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері жыл басынан бері 4,9%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 қарашада 26 467,5 млрд теңгені құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 49,4%, бағалы қағаздар портфеліне – 20,1%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,0% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 302,4 млрд теңгені немесе несие портфелінің 9,1%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 278,1 млрд теңге немесе несие портфелінің 15,9%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері жыл басынан бері 4,1%-ға ұлғая отырып, 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 23 136,8 млрд теңгені құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлес клиенттердің салымдарына – 77,2%, айналысқа шығарылған бағалы қағаздарға – 8,2%, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарға – 2,7% тиесілі.

Банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері жиынтық міндеттемелерде 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%-дан 5,3%-ға дейін немесе 1 098,0 млрд теңгеге дейін азайды.

Банк секторының жиынтық меншікті капиталы жыл басынан бастап 10,2%-ға ұлғая отырып, 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 3 330,8 млрд теңгені құрады.

Таза пайда (ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан асып кетуі) 501,1 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,1% және 3,9% болды.
  • CNY 65.91 +0.15%
  • EUR 499.05 -1.72%
  • RUB 5.3 +0.03%
  • USD 441.91 +1.05%
  • ADA 113.49 +3.56%
  • BNB 344344.98 +1.27%
  • BTC 38218297.24 +3.05%
  • DOGE 43.14 +2.87%
  • DOT 542.41 -0.51%
  • ETH 1219961.44 +2.35%
  • SOL 54059.96 +3.43%
  • TRX 148.29 -0.88%
  • USDT 443.33 +0.02%
  • XRP 681.95 +3.14%