Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

01.04.2026 Freedom Bank
Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді
Источник: Banker.kz

9 сәуірде Астанада Freedom Inside халықаралық форумы өтеді. Іс-шараны Freedom Holding Corp. ұйымдастырады. Бір пікірталас алаңында бизнес визионерлері, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, инвесторлар, кәсіпкерлер, креативті индустрия өкілдері және технологиялық жаңашылдар бас қосады.

Баяндамалардың бір бөлігі компанияның халықаралық стратегиясына арналмақ. Сондай-ақ форум қатысушылары цифрлық сервистердің дамуы мен технологиялық өнімдер нарығын талқылайды. Сонымен қатар компания Freedom цифрлық экожүйесінің дамуына қатысты жаңалықтарды таныстырады. Бұл экожүйе компанияның қаржылық және технологиялық сервистерін біріктіріп, пайдаланушыларға Freedom SuperApp қосымшасы арқылы қолжетімді.

Форум спикерлерінің қатарында Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, Astana Hub негізін қалаушы және CEO-сы Мағжан Мадиев бар.

Іскерлік бағдарламадан бөлек, форум қарым-қатынас пен идея алмасуға арналған кеңістік ұсынады: қонақтарды интерактивті аймақтар, технологиялық демонстрациялар және кәсіби нетворкинг мүмкіндіктері күтеді. Барлығы 30-дан астам спикердің сөзі жоспарланған. Пікірталастар Тәуелсіздік сарайындағы екі сахнада өтеді.

Форум бағдарламасы мен билеттер туралы толық ақпарат freedominside.kz сайтында.

  • CNY 67.09 -0.2%
  • EUR 502.21 -0.24%
  • RUB 5.41 -0.04%
  • USD 447.52 -1.46%
  • ADA 78.41 -1.37%
  • BNB 306331.52 -0.67%
  • BTC 33237435.86 -0.25%
  • DOGE 30.38 -2.03%
  • DOT 380.36 -0.81%
  • ETH 925392.24 -0.55%
  • SOL 37574.5 -0.67%
  • TRX 143 -0.3%
  • USDT 451.03 +0.01%
  • XRP 473.84 -0.99%