Еуразиялық Банк Solva қазақстандық қаржылық-технологиялық компаниясы үшін кредиттік желіні ашты

15.04.2022

Источник: Banker.kz

Solva және Еуразиялық Банк 3 жыл мерзімге кредиттік желіні ашу туралы шартты жасасты.

Еліміздің жетекші қаржылық институты ұсынған кредиттік желіні ұсыну қорландыру көздерін әртараптарндыруға мүмкіндік береді және Solva компаниясының кредиттік сапасының жоғары деңгейін көрсетеді. Тартылған қаражат агросектордағы және микро- және шағын бизнестің өнім желілерін цифрлық кредиттеуді ары қарай дамытуға бағытталатын болады. Осыған дейін Solva компаниясы үшін дебюттік кредиттік желіні осы жылдың ақпан айында «Банк ЦентрКредит» АҚ ашқан болатын.

Қазақстандағы IDF Eurasia бас директоры Константин Барабанов:

«Жоғары құбылмалықтың ағымдағы ситуациясында еліміздің ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін құрайтын микро- және шағын бизнестің өтімділігін қамтамасыз ету өте маңызды. Біз айналымдық капиталға маусымдық сұраудың артуын және фермерлер, шағын өндірушілер және сауда-саттық өкілдері тарапынан кредиттік желілерге қызығушылықтың артатындығын байқадық. Біздің онлайн платформа және «Solva» қосымшасы осы ситуацияда бизнесмендер мен өзіне-өзі жұмыс істейтін тұлғаларға еліміздің кез келген нүктесінен өздерінің қаржылық сұрақтарын жедел және ыңғайлы шешуге мүмкіндік береді.

Бөлшектік кредиттеу саласындағы жетекші Еуразиялық Банкпен серіктестік бізге микро және шағын бизнеске ұсынылатын өнімдер тізімін арттыруға мүмкіндік береді.»

«Біз банктің Қазақстандағы кәсіпкерлікті микрокредиттеу нарығы арқылы уәждемелеуге қатысуын әлеуметтік маңызы бар іс-шара деп санаймыз. Solva микроқаржылық ұйымымен серіктестік банк арқылы кредит алумен қиыншылықтар туындайтын еліміздің жеке кәсіпкерлеріне және шағын бизнеске қаржыландыру арқылы жанама қолдау көрсетуге мүмкіндік береді» - деді Еуразиялық банк төрағасының орынбасары Ляззат Сатиева.

Solva – Қазақстандағы жеке тұлғаларға, шағын және микробизнес өкілдеріне қамтамасыз етілмеген микрокредиттер портфелі көлемі бойынша банктік емес ірі ұйым. Топ желісінде Қазақстанның түрлі өңірлерінде 150 өкілдігі бар. Соңғы үш жыл ішінде компания клиенттері қатарын 400 мыңнан аса жеке кәсіпкерлер, бизнесті жаңадан бастаған тұлғалар, өзіне-өзі жұмыс істейтін тұлғалар және жеке тұлғалар толықтырды.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю