Қазпошта жаңа цифрлық жобалардың презентациясын өткізді

26.12.2024

Источник: Banker.kz

2024 жылғы 26 желтоқсанда Алматы қаласында логистика, электрондық коммерция, fintech салаларындағы технологиялар мен шешімдерді көрсетуге арналған алаң болып табылатын үшінші жыл сайынғы QAZPOST DEMO DAY іс-шарасы өтті. Оған бизнес өкілдері, сарапшылар мен серіктестер қатысты, Қазақстандағы жеткізу саласын дамытудың өзекті мүмкіндіктері талқыланды. Қазпошта жеткізілім мерзімін қысқарту, үдерістерге жұмсалатын шығындарды оңтайландыру, инфрақұрылым жобаларын енгізу, жеке және заңды тұлғаларын онлайн сертермен қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп келеді.

QAZPOST DEMO DAY бүгінгі таңда Қазпоштадағы жеткізілім үдерістерін өзгертетін бірқатар революциялық инновациялық жобалар мен шешімдерді ұсынды.

Алғашқы трансшекаралық логистиканың end-2-end үдерісі
Қазпошта Temu секілді маркетплейстен тауарларға тапсырыс беру үшін қытайлық серіктестермен интеграцияны жүзеге асырды. Осы интеграция бір ғана жеткізушіден күніне 10 мыңнан астам сәлемдемелерді өңдеуге мүмкіндік береді.

eGov-пен интеграция
egovMobile мобильді қосымшасының пайдаланушыларына енді Қазпоштаның сервистері қолжетімді.

Keden: Жеңілдетілген кедендік декларация
Кедендік органдармен интеграция жеткізілімдер туралы деректерді нақты уақыт режимінде өңдеуге, бұған қоса декларация уақыты қысқартуға және шығындар азайтуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы мобильді қосымшада қолжетімді. Енді барлық төлемдерді онлайн жасауға және елге кіргізу нормаларынан асып кеткен жағдайда, сәлемдемені кедендік аймақтан «шығаруға» болады.

Bank as a service ашық банк платформасы
Ашық API жаңа платформасының көмегімен жеке транзакциялық необанкті ашуға болады. Бұл қызмет Қазпошта серіктестеріне қолжетімді.

open.post.kz – электрондық коммерция нарығының қатысушыларына арналған ашық ecom платформасы
Платформа ішкі операцияларды, бизнес пен логистикалық серіктестер арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдетіп қана қоймай, интеграцияның және қолмен жасалынатын операциялардың санын қысқарту есебінен барлық үдерістердің тиімділігін арттырады.

Геоаймақтар мен аймақтарға бөлудің интерактивті картасы
Қазпошта Қазақстан бойынша жеткізілімнің 25 000-нан асатын нүктелерін қамтыған интерактивті картаны әзірледі. Бұл аймақтар динамикалық негізде бөлімшелердің жұмыс кестесінің өзгеруіне байланысты жаңартылады. Мұндай шешім бағыттарды оңтайландыруға, сонымен бірге ең алыс өңірлерге жіберілетін сәлемдемелерді өңдеу мен оларды жеткізу жылдамдығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Keruen: АҚШ, Қытай мен Германиядан** жылдам жеткізілім
Keruen сервисі ірі халықаралық маркетплейстерден тауарларды жеткізуді жылдамдатуға, қазақстандықтарға тауарларды арзанырақ сатып алуға мүмкіндік береді.

Мекенжай тіркелімі мен автоматты түрде сұрыптау
Қазақстандық тұтынушының ерекшелігі - пайдаланушылар әдетте өздерінің жаңа пошталық индексін, ғимараттың индексін (пошталық байланыс бөлімшенің емес) біле білмейді. Жаңа мекенжай тіркелімінің және онымен байланысты ЖПИ көмегімен пайдаланушы тек қана мекенжайды енгізеді, мәліметтер автоматты түрде индекстер бойынша мәліметтер түседі. Осылайша жеткізілім мен сұрыптау нақтылығы мен жылдамдығы жақсартылады. Қазақстандықтар үшін сервис мобильді қосымшасында қолжетімді, бұған қоса сервисті пайдалану мүмкіндігі Қазпошта мен В2В серіктестерінің ішкі жүйелерінде қарастырылған.

Заңды тұлғаның онлайн кабинеті
Онлайн кабинет арқылы Қазпошта клиенттері енді шарттарды жасасу, сәлемдемелерді ресімдеу, мекенжай бланкілерін қалыптастыру, курьерді толығымен онлайн шақыру мүмкіндігіне ие. Мекенжайларды енгізу мен оларды түзетудің жаңартылған нысаны сонымен бірге жеткізілімнің нақтылығын арттырады және жоғалған сәлемдемелердің санын азайтады.

Бөлімшелердегі Fast Track
Қазпошта бөлімшелерінде сәлемдемелерді алдын ала ресімдеу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе клиенттерге қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартады. Осы жаңа қызмет құжаттарды алдын ала whatsapp bot немесе мобильді қосымша арқылы ресімдеуге, тиісінше жеткізілім үдерісін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Корпоративтік есептердің порталы
BI шешімінің негізінде әзірленген платформа ішкі пайдалануға арналған есептер мен дашбордтарды алуға және тапсырыс беруге арналған.

Сонымен бірге іс-шара қатысушыларының назарына Qazpost мобильді қосымшада Glovo арқылы курьерді шақыру бойынша коллаборацияның нәтижелері, бұған қоса жеткізілім үдерісін оңтайландыруға арналған Relog-пен бірлескен Қазпошта курьерлеріне арналған онлайн маршрутизация ұсынылды.

QAZPOST DEMO DAY іс-шарасы барысында команданың жаңа жобалары мен жетістіктері жиналған қатысушылардың назарына жеткізілді, қазақстандықтар үшін келесі жылы қандай жаңа сервистер болатындығы туралы да сөз қозғалды. «QAZPOST DEMO DAY – бұл біздің жетістіктеріміздің демонстрациясы ғана емес, бұл клиенттермен және серіктестермен ашық диалог мүмкіндігі.

Возврат к списку новостей
Рекламодателю